Дзюдодан командалық жарыстың жеребесі тартылды

Жаңалықтар

Ертең әлем біріншілігінің соңғы күнінде командалық аралас сайыс өтеді. Қазақстан «Д» тобында бақ сынайды. Ширек финалдың жолдамасы үшін Бразилия құрамасымен күш сынасады. Қарсыластар мықты жасақталған. Арасында Олимпиада мен әлем чемпиондары бар. Былтыр Париж Олимпиадасында Ұлттық құрама дәл осы бразилиялықтарға жол берген болатын. Бұл сында Қазақстан сапынан 10 спортшы бақ сынайды. Олар: Есет Қуанов, Дархан Қойбағар, Мейірлан Максим, Ермахан Әнуарбек, Ерасыл Қажыбаев, Еламан Ерғалиев. Сондай-ақ бұл тізімді Дана Әбдірова, Есимгүл Куюлова, Көркем Орымбек пен Ақерке Рамазанова толықтырады.

Асылбек Данияр