Алматы қаласы Әуезов ауданында Яссауи көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Саин – Шаляпин – Яссауи – Жандосов көшелері шеңберінде су құбыры және кәріз желілерін тарту жұмыстарының басталуына байланысты 2025 жылғы 23 маусым мен 30 тамыз аралығында Яссауи көшесінде автокөлік қозғалысы кезең-кезеңімен шектеледі:
- 1-кезең – Жандосов көшесінен Степная көшесіне дейін: 2025 жылғы 23 маусым – 8 шілде;
- 2-кезең – Степная көшесінен Тайбурыл көшесіне дейін: 8 шілде – 21 шілде;
- 3-кезең – Тайбурыл көшесінен Яссауи көшесі, 13а мекенжайына дейін: 21 шілде – 10 тамыз;
- 4-кезең – Яссауи көшесі, 13а мекенжайынан Шаляпин көшесіне дейін: 10 тамыз – 31 тамыз.
Инженерлік желілерді төсеу жұмыстары тығыз тасты топырақтың болуына байланысты ашық әдіспен жүргізіледі. Бұл көлденең бағытта бұрғылау әдісін (КББ) қолдануға мүмкіндік бермейді.
Аталған учаскеде келесі жұмыстар жоспарланған:
- су құбыры желісі – 1 200 м;
- кәріз желісі – 800 м.
"Тұрғындар мен автокөлік жүргізушілерінен уақытша шектеулерге түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды және уақытша жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз", — делінген хабарламада.