19 маусымда Израиль Арактағы Иран атом электр станциясын бомбалауды мақсат етіп қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бірер сағат бұрын Израиль қорғаныс күштерінің фарсидегі аккаунты Тегеранның оңтүстік-батысындағы 220 км қашықтықта орналасқан Арак және Хондаб қалалары маңындағы белгілі бір аймақ тұрғындарын эвакуацияға шақырған үндеу жариялады. Үндеуге Израиль авиациясы соққы беруді жоспарлап отырған аймақ көрсетілген карта қоса берілген.