Чунцинде бір мезетте 11787 ұшу аппараты көкке көтеріліп, қаланың түнгі аспанын әсем бейнеге көмкерді, деп хабарлайды 24kz.
Табиғи ландшафтар мен аймақтың мәдени нышандары көрсетілді. Көздің жауын алатын іс-шара Чунцинге ерекше мемлекеттік мәртебе берілгеннің 28 жылдығына орай ұйымдастырылған. Бұған дейінгі рекорд кезінде Вьетнамда 10 жарым мыңдай дрон көкке көтерілген еді.