Қайрат Садықов Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Әнуарбекұлы Садықов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды", — делінген хабарламада.