Тоқаев Қытайға 1,5 мың киікті сыйға тарту туралы шешім қабылдады

Жаңалықтар

Олар Қытайдың батыс өңірін мекендейді .

Мемлекте басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай үкіметіне 1,5 мың киікті сыйға тарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

"Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай үкіметіне 1.5 мың киік беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Қытайдың батыс бөлігінде жерсінетін ақбөкендер көрші елдегі осы жануардың популяциясын қалпына келтіруге септігін тигізбек. ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, Қытайда ақбөкендер санын көбейту үшін жүйелі шаралар жоспарланғанын жеткізді", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Алматыға Қытайдан келетін туристер саны тағы 15% артады – болжам


Бұл ақбөкендер көрші елдегі киік популяциясын жандандыру үшін Қытайдың батыс өңірін мекендейді.