Тоқаев Қытайға 1,5 мың киік береді

Жаңалықтар

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай үкіметіне 1,5 мың киік беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қытайдың батыс бөлігінде жерсіңдірілетін ақбөкендер көрші елдегі осы жануардың популяциясын қалпына келтіруге септігін тигізбек.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, Қытайда ақбөкендер санын көбейту үшін жүйелі шаралар жоспарланғанын жеткізді, — делінген Ақорда хабарламасында.