Қазақстан Қытайға 1,5 мың ақбөкен сыйлайды

Жаңалықтар

Мұндай жаңалықты Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қытайға берілетін 1500 киік сол елдегі киік популяциясын қалыпқа келтіруге бағытталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған шешімді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған және жауапты министрлікке тапсырма жүктеген.

– Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда киік популяциясын қалпына келтіру мақсатында оларды Қытайдың батыс бөлігіне қоныстандыру үшін 1 500 киікті сыйға беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, – деп жазылған ресми хабарламада.

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин бұл шешім үшін ел Президентіне алғысын жаудырды, себебі бұл Қытай үкіметі үшін үлкен көмек болмақ.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі дәл осындай тапсырманың барын растады және мәселені шешуге, жұмысты жүйелі атқаруға күш салып жатқанын жеткізді.

Бұған дейін отандық БАҚ-та киік санын реттеу іс-шаралары күзде басталуы мүмкін екені көп жазылды.

Десе де, мамандар киік санын реттеуге, аулауға қатысты ғалымдардың биологиялық негіздемесі әлі дайын емес екенні алға тартты.

Дәл осы құжатқа, сәйкес, киіктің белгілі бір санын аулау мәселесі оң шешімін табуы ықтимал. Сонымен қатар, аңшыларға аналық киікті ғана атуға рұқсат берілуі мүмкін.