Шавкат Мирзиёев Астанаға келді

Жаңалықтар

2025 жылдың 17 маусымында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Астанаға келді. Бұл туралы Zakon.kz сайтына ҚР үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шавкат Мирзиёев Қазақстанға Орталық Азия – Қытай саммитіне қатысу үшін келді.

Өзбекстан президентін елорда әуежайында Премьер-министр Олжас Бектенов күтіп алды.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 4,1 млрд долларды құрады.

Садыр Жапаров пен Сердар Бердімұхамедовтің Астанаға келгені бұған дейін хабарланған болатын. Орталық Азия-Қытай саммитіне Қырғызстан мен Түркіменстан президенттері қатысады.