Ресей мен Украина мәйіт алмасуды аяқтады

Жаңалықтар

2 маусымда Ыстамбұлда жасалған келісім бойынша Мәскеу Киевке 6 мыңнан аса жауынгердің мәйітін қайтарса, Украина Ресейге 78 сарбаздың денесін берді.

Ресей мен Украина мәйіт алмасып бітті. Мұны Кремль басшысының көмекшісі Владимир Мединский мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Репатриациялық іс-шараға Халықаралық Қызыл Крест ұйымы да атсалысты.

Ресей Украинаға тағы 2200-ден аса мәйітті қайтаруға дайын екенін мәлімдеді. Киев Мәскеудің ұсынысына қатысты әзірге пікір білдірген жоқ.