Израильдің арсеналында 90 ядролық оқтұмсық бар.
Бірақ олар зымырандарға орнатылмаған. Бұл Стокгольмдегі халықаралық бейбітшілік зерттеу институтының дерегі.
Десе де, ел билігі бұған қатысты әлі күнге дейін ештеңе айтпаған. Есесіне Таяу Шығыстағы көрші елдер алаңдаулы. Пәкістан халықаралық қауымдастықты Израильдің ядролық әлеуетіне баса назар аударуға шақырды. Өйткені қауіпті қаруға ешқандай халықаралық келісім жасалмаған. Қазір әлемде 9600 ядролық оқтұмсық бар. Оның жартысына жуығы зымырандар мен бомбалаушы ұшақтарға орнатылған. Ал 2 мыңы кез келген уақытта қолдануға әзір тұр.