Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Елорда әуежайының терминалында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге балалар қазақ және қытай тілдерінде сәлемдесіп, күтіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Содан соң өнерпаздар қос халықтың ұлттық билерін билеп, ерекше ілтипат білдірді.
"Құрметті Си ата! Сіздің Астанаға келгеніңізге өте қуаныштымыз. Мен Қытай мен Қазақстанның әрқашан жақсы дос болғанын білемін. Біз, балалар, бейбітшілік пен бірлікті қолдаймыз. Достығымызды нығайтатын сапарларыңыз сәтті болсын!", – деді балалардың бірі қазақ тілінде.
Тағы екі кішкентай қыз бала қытай тілінде амандасып, сөйлесті.
Айта кету керек, бұған дейін Президент Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алғанын жазған болатынбыз.