Әкімдіктегілер бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.
2025 жылы тегін 10 сотық жер учаскелерінің берілетіні туралы таралған ақпарат қате екенін жеткізгіміз келеді. Қазіргі таңда бақша массивтерін елді мекендердің жерлеріне ауыстыру жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар олардың мақсатты тағайындалуын ЖТҚ немесе жеке шаруашылық жерлері ретінде өзгерту жоспарлануда, деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
2025 жылы жалпы ауданы 123 гектарды құрайтын 23 бақша массивін қосу жоспарланып отыр.
"Интеграциядан кейін бос жер учаскелері пайда болған жағдайда, олар кезекке сәйкес беріледі. Алматы облысында 2025 жылға жеке тұрғын үй құрылысына арналған тегін 10 сотық жер алу кезегінде шамамен 1 284 488 адам бар. Алайда, 2024 жылғы мәліметтер бойынша, облыста биыл ЖТҚ үшін жер учаскелерін беру жоспарланбаған, себебі кезекшілерге беру үшін дайын бос жер учаскелері жоқ. 2023 жылы Алматы облысында 4 300 жер учаскесі берілген, бұл кезекке тұрғандардың жалпы санының 0,4 пайызынан азын құрайды", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Қазақстан аса қауіпті құс тұмауынан таза ел мәртебесін иеленді
Әкімдіктегілердің айтуынша, жер учаскелерін беру процесі алаңдар дайын болған және бос жерлер пайда болған сайын жүзеге асырылады. Бұл шектеулі ресурстар мен инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты.