Шымкентте Қазақстан полициясы күнін мерекелеу аясында және “Заң мен Тәртіп” идеологиясын ілгерілету мақсатында күштік құрылымдар қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жарысқа прокуратура, сот, ұлттық қауіпсіздік комитеті және басқа да құқық қорғау және мемлекеттік мекемелердің командалары қатысты.
Командалар ойынның жоғары деңгейін және жеңіске деген ерік-жігерлерін көрсетті. Матч салауатты бәсекелестік пен серіктестіктің маңыздылығын көрсете отырып, достық атмосферада өтті.
Турнир қорытындысы бойынша 1-орынды Шымкент қаласы бойынша ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің командасы, 2-орынды қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің құрамасы, 3-орынды Полиция департаментінің командасы иеленді.
Жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл спорттық шараның басты мақсаты — заңдылық мен тәртіп қағидаттарына адалдықты, сондай-ақ бірлік пен ынтымақтықты нығайту болып табылады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Шымкент Қаласының Полиция Департаменті (@police_shymkent)