Самбодан халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы 3 алтын алды

Жаңалықтар

Бүгін Париж қаласында франциялық әйгілі жаттықтырушы Давид Херанның құрметіне арналған халықаралық самбо турнирі аяқталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан самбо федерациясы беделді жарыста отандастарымыз керемет нәтиже көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады. Қазақстандық самбошылар 3 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алды. Нұрбол Серіков, Қонысбай Махамбет, Арайлым Әбенова жеңіс тұғырынан көрінсе, Нұржан Жұмажан күміс жүлдеге еншіледі.

Нұрбол Серіков осылайша халықаралық турнирде қайтадан үздіктер қатарынан көрінді. Балуын 2018 жылы 68 келіге дейінгі салмақта әлем және Азия чемпионы атанған еді.