АҚШ синоптиктері дабыл қағып, елдің ең суық штатында температура 29 градустан асады деп болжауда, деп жазады inbusiness.kz сайты .
AP агенттігінің жазуынша, алғашқы ескерту Фэрбенкске қатысты, онда мұндай бұрын болмаған ыстық саналады.
"Бұл маңызды мәлімдеме, қоғам температураның көтерілетінін білуі керек, бұл қауіпті болуы мүмкін, өйткені Аляска мұндай жоғары температураға үйренбеген", — деді Фэрбенкстен метеоролог Алекья Шринивасан.
Аляска тұрғындары үшін бұл температура тіпті экстремалды саналады, халықта кондиционер мүлде жоқ. Көптеген ғимараттар жылуды сақтау үшін арнайы салынған.