«Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі өтіп жатыр

Жаңалықтар

Шығыстағы Қатонқарағай ауданында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық фестиваль өтіп жатыр. Фестивалдың алғашқы күні қазақтың қос классик жазушысы Қалихан Ысқақтың 90, ал Дидахмет Әшімханұлының 75 жылдық мерейтойына арналды. Қос жазушыны ұлықтауға арналған шаралар халықаралық ғылыми конференциямен басталды. Оған елімізге танымал ақын-жазушылар мен әдебиет сыншылары қатысып Қалихан мен Дидахметтің шығармашылықтары туралы көлемді баяндамалар жасап, естеліктер айтты.

Әлібек Қаңтарбаев, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері

Ал шығыста араға біренеше жыл үзіліс салып барып биыл қайта жалғасын тапқан «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестиваліне оннан аса мемлекеттен келген өнер адамдары қатысып жатыр. Жалпы бұл мәдени-әдеби әрі спорттық шара былтыр Астанада өткен «Көшпенділер» ойынының жалғасы іспеттес. Сондықтан фестиваль барысында ұлттық ат спорты ойындары да өтті. Сонымен қатар халықаралық ақындар айтысы және «Төр Алтай» Қалиханы мен Дидахметін жырлайды атты поэзия фестивалі өтті. Оған елімізге танымал ақындар қатысып, Алтайдың кешкі аспанын ошақта лаулаған отпен бірге қара өлеңге бөледі.

Олжас Керейхан