Астана – Дубай әуе рейсі Ашхабадта кешігіп, бақылауға алынды

Жаңалықтар

Қазір ғана Астана – Дубай әуе рейсі жолаушылары Ашхабад әуежайы терминалының транзиттік аймағына өткені мәлім болды, деп хабарлайды 24kz.

Қазақстан азаматтары үшін Түрікменстан визалық ел екені белгілі. Көлік министрлігіне қарасты азаматтық авиация әкімшілігі FlyDubai әуе компаниясымен үнемі байланыста отырғанын жеткізді. Рейске отырғызу сағат 23:00-де басталатыны хабарланды. Бастапқы ұшу уақыты 22:00-ге жоспарланғанымен, әуежайдың рейстерге қызмет көрсетуінің кешігуіне байланысты кейінге шегерілді.