Ақтауда жылу желісінде апат болып, бір бала күйіп қалды

Жаңалықтар

Бала жансақтау бөліміне түскен.

Ақтауда ыстық су құбыры жарылып, 10 жастағы бала күйіп қалды. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Баланың анасы әлеуметтік желіге оқиғаның қалай болғанын жазған. Оның айтуынша, жарылған құбыр қараусыз қалып, баласы ыстық суға күйіп қалған. Бала жансақтау бөліміне түскен.

Баланың жансақтау бөлімінде жатқанын облыстық денсаулық сақтау басқармасы растап отыр.


Оқи отырыңыз: Ақтау маңындағы ұшақ апаты: тергеудің алдын ала қорытындысы шықты


"2014 жылғы бала, екі сан, балтыр аймағының ІІ-ІІІ дәрежелі күйігімен ауруханаға жатқызылды. Денесінің 30% күйген. Баланың жағдайы ауыр. Есін біледі, бірақ мазасызданып жатыр. Науқас жансақтау бөлімінде ем алып жатыр", – дейді денсаулық сақтау басқармасы.