Иран бірнеше күн ішінде 15 ядролық бомба қолдануы мүмкін – Reuters

Жаңалықтар

Иран жасырын ядролық қару жасау бағдарламасын дамытып жатыр. Бұл туралы израильдік әскери шенеунік Reuters агенттігіне берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Оның сөзінше, Иранда бірнеше күн ішінде 15 ядролық бомба жасауға жеткілікті термоядролық материалдар бар.

Тегерандағы көпқабатты ғимараттарға жасалған Израиль әуе шабуылы кезінде Иран армиясының бас штабының бастығы Мұхаммад Багери қаза тапқан.

Израильдік БАҚ мәліметінше, дәл сол Багери аталған шабуылдың басты нысанасы болған.

Бұған дейін Қазақстан елшілігі Израильдегі отандастарға үндеу жасады. Ал 12 маусымда Израиль Иранға соғыс ашуы мүмкін екендігі жайлы мәлімдеді.