Еліміздің Қорғаныс министрлігі мен Қонаев гарнизонының әскерилері 104 жастағы соғыс ардагері Оксана Бетебаеваны 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
35-ші гвардиялық десанттық-шабуылдаушы бригадасының ұжымы қарт майдангердің үйіне жылдағыдай оркестрмен барды. «Ерлік ешқашан ұмытылмайды. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған дәл бүгінгідей бейбіт өмірге зұлмат соғыс жылдарында етігімен қан кешкен ерлердің арқасында қол жеткіздік», — дейді ол. Алматы облысында 5 соғыс ардагері тұрады. Олар: Солтанбай Жарықбасов, Фёдор Ковалев, Тәңірберген Толғанбаев және Әлім Кебіров. Бесеуі де ғасыр жасаған.
Нұрбол Жұмашханұлы, облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы:
- Соғыста көрсеткен ерлігі үшін Қорғаныс министрінің атынан алғыс хат әкеліп, табыстап отырмыз. Апамыз 104 жасқа келіп отыр. Елімізде соғыс болмасын! Осындай ардагерлеріміз аман болсын!