Танымал медиаменеджер, журналист Батыр Қазыбаев туралы кітап жарық көрді. Туындыға Батыр Кәкімжанұлының әріптестерінің, достары мен жақын туыстарының естеліктері топтастырылған. Көрнекті журналист, жазушы Кәкімбек Қазыбаев пен белгілі ұстаз Орынша Қарабалина-Қазыбаеваның шаңырағында 1969 жылы дүниеге келген ол әке жолын қуып, отандық журналистика саласында елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, бірқатар телеарнаны, бірнеше радиостансаны, газеттер мен веб-порталдарды біріктіретін медиахолдингті 10 жылдан аса уақыт басқарып, өзін білікті медиаменеджер ретінде көрсете білді. 2017 жылы Қазақстан Медиа Альянсының құрылтайшыларының бірі әрі Басқарма мүшесі болды. Ол негізін қалған телеарна, радиостансалар, интернет-жобалар әлі күнге дейін табысты жұмыс істеп келеді. Батыр Қазыбаев үш жыл бұрын ұзаққа созылған сырқатынан қайтыс болған еді.
Сұңқар Қарабалин, Батыр Қазыбаевтың туысы:
Естеліктерді алдымен сақтау. Батырдың қандай екенін. Адамгершілігі, қандай маман болды. Қандай дос болды. Батырдың барлық жағын көрсетіп, келесі ұрпаққа, балалары өсіп келе жатыр. Олар ертең өскенде әкелері қандай болды деп оқиды ғой. Естеріне алады. Мақтанады.
Қуан Нұрақын