Үндістандағы ұшақ апатынан қаза тапқандар саны артты

Жаңалықтар

Соңғы мәлімет бойынша Үндістандағы ұшақ апатынан 310 адам опат болды.

Мұны жергілікт Нью Индиан Экпресс басылымы хабарлады. Ахмедабад қаласынан Лондонға бет алған "Боинг-787" әуе көлігі жерден көкке көтеріле алмай, бірер секунд ішінде медициналық колледж жатақханасының үстіне құлаған. Марқұмдар арасында студенттер де бар. Ресми деректерге сәйкес, ұшақ бортында 242 адам болған. Жергілікті полицияның дерегі бойынша тек бір жолаушы тірі қалған. Апатқа ұшақтың құстармен соқтығысуы себеп болуы мүмкін деген болжам бар. Қазір құтқарушылар үйінділер астынан адамдардың денесін шығарып жатыр. Жергілікті әуежай жұмысын уақытша тоқтатты. Ұшақ тиесілі "Эйр Индиа" әуе компаниясы апаттың мән-жайын анықтап жатқанын мәлімдеді.