Қазақстан мен Иранның тауар айналымы 80%-ға жетті

Жаңалықтар

Биылғы 4 айда Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы 173 миллион долларға жетті.

Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 80 пайызға артық. Бұл туралы бүгін Астанадағы Қазақстан мен Иран үкіметаралық комиссиясының 20-отырысында белгілі болды. Жиынға Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Иран Ислам Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ғоламреза Нури Гезелже төрағалық етті. Тараптар арадағы сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты талқылады. Арман Шаққалиев еліміздің 162 миллион доллар болатын 60 тауар экспортын арттыруға дайын екенін жеткізді. Ал Иран Ауыл шаруашылығы министрі, Қазақстанда техникаларды құрау саласын дамытуға ниеттіміз деді.