Назым Қызайбай 20 миллион теңгелік сыйлығымен мақтанды

Жаңалықтар

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, бокстан үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай қымбат көлігін көрсетіп, желіде мақтанып бөлісті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлем чемпионатынан ең көп алтын медаль иеленген қазақстандық боксшы әлеуметтік желіде видео репост жасады. Видеода әлем чемпионы Алуа Балкибекова Назымның көлігін мақтап тұр.

"Ва-а-ай, мына көлікке қараңдаршы! Назым броньды пленкамен жапқан. Керемет. Менің сүйікті түсім: хаки мен күлгіннің үйлесімі. Құтты болсын!", – дейді Алуа кадр сыртында.

Көліктің иесі кім екені мемлекеттік нөмірден де аңғарылады: 001NAZ деген нөмір Назымның ел тарихында үш мәрте әлем чемпионы атанған тұңғыш боксшы екенін білдіретіндей.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Антон Бова (@spor_tjob)

Назым Қызайбайдың көлігі туралы не белгілі?

Париждегі Олимпиададан оралған соң Назым Қызайбайға бірден төрт көлік сыйға берілген болатын. Боксшы олардың үшеуін сатуға шешім қабылдап, өзі үшін LI 7 маркалы көлікті қалдырған. Бұл көлікті ол Алматы облысы, Райымбек ауданындағы туған ауылы Сарыжаздан алған.

Kolesa.kz порталының мәліметінше, мұндай көліктің бағасы 16,5 миллионнан 29 миллион теңгеге дейін өзгереді. Орташа құны – шамамен 20 миллион теңге.

Қазақстанның ең титулды боксшысы

Назым Қызайбай 1993 жылғы 14 қыркүйекте Алматы облысының Жетіген ауылында дүниеге келген. Балалық шағынан бастап боксқа ден қойған ол ерте жастан-ақ ішкі және халықаралық ареналарда жетістікке жете бастайды.

2014 жылы алғаш рет әлем чемпионы атанып, одан кейін 2016 және 2025 жылдары да осы жетістігін қайталаған. 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде осындай үш алтын алған жалғыз боксшы – Назым.

2024 жылғы Париж Олимпиадасында 50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, қола жүлде жеңіп алған.

Олимпиададан кейінгі дау және көлік

2025 жылғы сәуірде Назым Қызайбай мәлімдеме жасап, Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі Олимпиададан кейін спортшыларға уәде етілген сыйақы мен пәтерді бермегенін ашық айтқан.

Бірақ дау-дамайдан кейін бірнеше күннен соң спортшыларға пәтер кілттері табысталып, ақшалай сыйақы да шоттарына аударылған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget