Жаңа LRT-да жолаушыларға арналған ақпарат тек қазақ және ағылшын тілдерінде болады

Жаңалықтар

Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесіне жеткізілген жаңа вагондарда жолаушыларға арналған ақпарат тек қазақ және ағылшын тілдерінде беріледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жолаушылар назарына ұсынылатын мәліметтер арасында аялдамалар тізімі, қауіпсіздік ережелері және бағыт сызбасы бар.

Бұған дейін қоғамдық көліктерде қазақ, орыс және кейде ағылшын тілдері қатар қолданылып келсе, енді LRT жүйесінде тек екі тіл таңдалып отыр.

Әзірге бұл шешімнің себебі мен ресми түсініктемесі жарияланған жоқ.

Еске сала кетейік, 11 маусым күні елордада LRT-ның алғашқы құрамын рельске көтеру және техникалық тексеру жұмыстары жүргізілген болатын.

Бұл – ұзақ уақыт тоқтап тұрған жоба аясындағы алғашқы нақты қадамдардың бірі.