АҚШ-та тәртіпсіздіктер толастар емес

Жаңалықтар

АҚШ-та тәртіпсіздіктер жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Лос-Анджелесте басталған тәртіпсіздіктер АҚШ-тың өзге қалаларына ауысқан.

АҚШ билігінің заңсыз мигранттарға қарсы рейдтері көпшіліктің наразылығын тудырып, олар көшеге шыққан. Полиция наразылық білдірушілерге қарсы көз жасаурататын газ қолданды. Сол себепті қалада коменданттық сағат енгізілді.

Сиэтлде адамдар қоқыс жәшіктерін өртеген. Ал Вашингтон штатындағы Спокан қаласында жергілікті уақытпен 21:30-дан таңғы 05:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді.

Ел президенті Дональд Трамп мұның бәрін біреу қаржыландырып отырғанын мәлімдеді.