Бишімбаевтың туысы рақымшылықпен бостандыққа шығуы мүмкін

Жаңалықтар

Байжановқа "қылмысты жасыру" бабы бойынша айып тағылған .

Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай жарияланатын рақымшылық аясында Бақытжан Байжановтың бостандыққа шығу мүмкіндігі бар, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Куандық Бишімбаевтың ісінде адам өліміне қатысты бап қарастырылғандықтан, оған рақымшылық қолданылмайды.

Бұл бап рақымшылық қолданылмайтын қылмыстар тізіміне кірмейді. Сондықтан заң жүзінде ол рақымшылыққа ілігуі мүмкін.