Атырау облысында ауыз су қондырғылары жаңартыла бастады

Жаңалықтар

Атырау облысы Бөдене ауылында су тазарту қондырғысы жөндеуден өтті.

Енді Жайық өзенінен алынған су тұндырылып, сүзіліп, арнайы фильтрлер арқылы тазартылады. Былтыр көктемгі тасқын кезінде Жайық өзенінің деңгейі 10 метрге дейін көтеріліп, жағада орналасқан 4 ауылдың су тазарту қондырғысы жарамсыз болып қалған болатын. Бұл жұмыстарға жергілікті бюджеттен 380 млн теңге қаралып, су тазарту стансалары қалпына келтіріле бастады. Осындай жұмыс Аққала ауылдық округінде де басталған. Ал Көктоғай ауылында қондырғы жобасы сараптамадан өтуде. Сондай-ақ биыл аудан орталғында 4 шақырым ауызсу құбыры жаңартылып, су станцияларының қуаты артатын болады.

Телман Ерғазиев, "Индер су" мекемесінің директоры:

- Мысалы, Индербор кентінде тәулігіне 2400 текше метр беретін қуаттылығы болатын болса, соны 3200-ге көбейтіп жатырмыз. Және КОС дейміз кәріз суын тазалау қондырғысы оның да проектісі жасалып, қазір экспертизада. Жылдың аяғына дейін бәрін бітіріп, жұмысты бастайтын боламыз.