Ағылшындық “Манчестер Сити” футбол клубының қорғаушысы Абдукодир Хусанов ақпан айындағы ойындар нәтижесі бойынша команданың үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өзбек ойыншысы өткен айда бес ойын өткізді. Англия чемпионатында “Тоттенхэм”, “Ливерпуль” және “Ньюкасл” командаларына және Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде испандық “Реал Мадридке” қарсы ойындарда Хусанов алаңда 90 минут ойнады. Ал Англия кубогының 1/16 финалында лондондық “Лейтон Ориент” клубына қарсы өткен матчта екінші таймда алаңға шыққан қорғаушы командасының жеңіс голын соқты.
Осылайша, ақпан айының үздігі болған қорғаушы бұл ретте командаласы Эрлинг Холландтан озды.
Айта кетейік, Абдукодир Хусанов “Манчестер Сити” сапына қысқы трансферлік терезе кезінде француздық “Ланс” футбол клубынан ауысып келген еді. Ағылшындықтар өзбек ойыншысын 40 миллион долларға сатып алған болатын.