Аптап ыстық, найзағай: 11 маусымға арналған ауа райы болжамы

Жаңалықтар

«Қазгидромет» 11 маусымда еліміздің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 18 м/с-ке жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының түнде оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз областың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облысытың шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел шығыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Алматыда кей уақытта найзағай күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. 11-13 маусымда облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкентте түнде және таңертең найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 11-13 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталды.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада күннің екінші жартысында найзағай, бұршақ. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.