Алматыда мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді қабылдау пункттері ашылды

Жаңалықтар

Бұл не үшін маңызды ?

Алматының 36 емханасында кәдеге жарату үшінмерзімі өткен, пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған дәрі-дәрмектерді тапсыруға арналған контейнерлер орнатылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Дәрі-дәрмектер-қауіпті қалдықтар. Оларды дұрыс тастамау қоршаған ортаға және денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін. Белсендізаттар топырақ пен суға түсіп, экожүйелер мен адамдарға қауіп төндіреді.

Не тапсыра аласыз?

Таблеткалар, капсулалар, майлар, кремдер, гельдер, ампулалар, бөтелкелер, сироптар және сұйық ерітінділер.

Назар аударыңыз: қанмен байланыста болған шприцтер, инелер мен медициналық қалдықтарды тапсыра алмайсыз — олар медициналық мекемелерде бөлек жойылады.

Қабылдау пункттері бар емханалардың толықтізімі EcoNetwork сайтында қолжетімді.