Мүгедек балалардың ақшасын жымқырмақ болған шенеунік сотталды

Жаңалықтар

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының үкімімен қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы А. Өсербаев сотталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы .

Ол «Suberpro-com» ЖШС өкілінің «Церебралдық сал ауруы» диагнозы қойылған балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша шарт жасасуға жәрдемдесу сылтауымен 3,6 млн теңге сомасында ақша қаражатын жымқыруға оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.

Оқи отырыңыздар:

  • 24 жастағы жігіт өз анасын өлтірді деген күдікке ілінді
  • Түркістан облысында 16 жастағы қызды өлтіріп кетті

Өсербаевқа мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 27 млн теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Сот актісі заңды күшіне енді.