Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Мұғалжар аудандық Полиция бөліміне бірнеше жергілікті тұрғын алаяқтық фактісі бойынша арызданған.
Тексеру нәтижесінде 2024 жылдың соңында өзін блогер ретінде көрсеткен аудан орталығының 35 жастағы тұрғыны 4 азаматты алдап, ақшасын иемденгені анықталды.
"Күдікті жәбірленушілердің біріне – балабақшаға жұмысқа орналастыруды, екіншісіне – жүргізуші куәлігін алуға жәрдемдесуді, сондай-ақ тендерді жеңіп беруді уәде еткен. 4 жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын 10 млн теңгеден асты", – деп жазылған хабарламада.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тәртіп сақшылары осы азаматтың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен басқа да тұлғалардан Мұғалжар аудандық полиция бөліміне хабарласуды сұрайды.