Алматыда қоймадағы ірі өрт: тауарлар жанып кетті

Жаңалықтар

Оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер жетті.

Алматы қаласында Кожедуб көшесінде орналасқан қоймалардың бірінен ірі өрт шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, автоцистерна 60 метр қашықтықтағы өрт гидрантына қосылып, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілген.

"Қойма ішіндегі тауарлар отқа оранды. Қазіргі уақытта зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.