Аталған істі Ақмола облысының арнайы прокурорлары тергеген.
300 млн теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін Атбасар ауданының әкімдігіне қарасты құрылыс бөлімі, "Престиж Строй 7" және "Фундаменталь" ЖШС-нің басшыларына қатысты сот үкімі шықты, деп inbusiness.kz сайты.
Тиісті қаражат 2021 жылы Үкімет резервінен Атбасар ауданында су тасқыны аймағында тұратын 200 жанұяны көшіру үшін екі 100 пәтерлі үйлерді салуға бөлінген.
"Сот үкімімен ақшаны жымқырған тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексінің 189 бабы 4 бөлігі (аса ірі көлемде жымқыру) және 218 бабы (қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату) бойынша 8,6 және 7,6 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Мүліктері тәркіленді", – делінген хабарламада.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.