«Өзінен төмен еркектер шүйлікті»: Баян Алагөзова Майя Бекбаеваға қолдау білдірді (ВИДЕО)

Жаңалықтар

Осыдан біраз уақыт бұрын сынға қалған Майя Бекбаеваны продюсер Баян Алагөзова қолдады. Бұл туралы ол “Время жить” YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

”Білімді адамдарды әрдайым жек көрген, сынаған, солай бола береді. Бұл жағдай бүкіл әлемде бар. Таңқаларлық нәрсе емес. Сондықтан әйелдің артында әйел тұру керек. Мен бақылап отырған кезде, барлық әріптестеріміз үндемей отырғанды мен түсінбеймін. Майя бұл жағдайда жалғыз қалып қойды. Оны отбасы қолдайтын шығар, бірақ шығармашылықта бұл аз. Өйткені, Майя ертең сынып қалуы мүмкін. Оны көре алмайтындардың қалуы да сол. Осы жерде біз аяушылық емес, тілектестік көрсетуіміз керек. Біз бірінші кезекте әйелміз. Оны сынап жатқан еркектер. Оған өзінен төмен еркектер шүйлікті. Біз еркектердің шекарасында болған кезде, олар бізді (әйелдерді) кешіре алмайды. Оны көбінесе сынап, мінеп жатқан еркектер. Ал ақымақ әйелдер бұған қуанады. Өйткені, ол оның жағдайына ешқашан жете алмайды”, — деді Баян Алагөзова.