Астанада Абылай хан даңғылы Манас көшесінен Майлин көшесіне дейінгі аралықта жол жабынының үстіңгі қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осыған байланысты, 9 және 10 маусым күндері көрсетілген учаскеде автокөліктер үшін қозғалыс толықтай жабылады.
Сонымен қатар, Абылай хан даңғылы мен Майлин көшесінің қиылысы да уақытша жабылады.
«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалыстағы өзгерістерді ескерулерін сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады», деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.