Автобус апаты: екі аяғынан айырылған Алуаның туыстары елден көмек сұрап жатыр

Жаңалықтар

Астанадағы автобус апатынан зардап шеккен 8 жастағы Алуаның туыстары елден көмек сұрап жатыр,деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Олар әлеуметтік желіде Алуаға халықтан көмек алу үшін жеке парақша (@help.aluabeken) ашып, банк шоттарын жариялаған. Дереккөздерге сүйенсек, зардап шеккен қыздың анасы — жалғызбасты. Кәмелет жасына толмаған бес баланы асырап отыр. Қазір қызының жағдайына байланысты жұмыстан шығып кеткен.

Еске салайық, 2 маусымда Астана қаласындағы Республика даңғылында жолаушы автобусы ақпараттық тақта тіреуіне соғылған еді. Жол апатынан 15 адам зардап шекті.

Оқи отырыңыздар:

  • Атырауда жеті айлық сәби балабақшада шетінеп кетті
  • 24 жастағы жігіт өз анасын өлтірді деген күдікке ілінді

Үш жолаушы ауруханаға түскен. Дәрігерлер 8 жастағы Алуа Бекеннің екі аяғын кесуге мәжбүр болған. Астанадағы ірі жол апатынан кейін қылмыстық іс қозғалды. Автобус жүргізушісі қамауға алынған болатын.

Алуаның туыстарымен байланысу үшін: +77752323097, +77020293818.