Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5%-ға дейін көтерді

Жаңалықтар

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5%-ға көтерді .

Бас банк бұл шешімін инфляцияның қарқын алуымен түсіндіріп отыр. Жылдық инфляция ақпанда 9,4%-ға дейін үдеген. Мұнан бөлек көршілес Ресейде де инфляция қарқын алғандықтан сыртқы сектордың бағаға әсері күшейді. Бұған дейін Ұлттық банк 2024 жылдың қарашасында негізгі мөлшерлемені 14,25%-дан 15,25%-ға көтерген. Ол кезде елдегі инфляциямен қоса теңге де құнсызданып, доллар бағамы 500 теңгеден асқан еді.