Алматыда балконға өрмелеп, өрт сөндірген ер адам марапатталды

Жаңалықтар

Ол "Алма Сити" тұрғын үй кешенінде өрт шыққан сәтте төртінші қабаттың балконына өрмелеп шығып, жалынды сөндіруге көмектескен болатын.

Қалалық әкімдік азаматтың батылдығы мен жедел әрекетін жоғары бағалап, алғыс білдіріп, арнайы марапат тапсырды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Адамдар еңбегімді елеп, құрмет көрсетіп жатқандары үшін алғыс айтамын. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Қиын сәтте көмектесу – әр азаматтың борышы деп санаймын. Бұл әрекетімді марапат үшін емес, адамгершілік парызым ретінде жасадым. Менің орнымда кез келген адам солай істер еді деп ойлаймын", – деді Асыл Ахметов.

Еске сала кетейік, 4 маусым күні сағат 17:07 шамасында Наурызбай ауданы, Жүнісов көшесі, 2/23 мекенжайында орналасқан он қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтер балконында қоқыс жанып кеткен болатын. Қауіпті сәтте Асыл Ахметов жоғары қабаттан өрмелеп түсіп, өртті сөндіруге атсалысты.