Хакерлер салық басқармасынан 30 млрд теңге ұрлап алды

Жаңалықтар

Ұлыбританияның Салық және кеден төлемдері басқармасынан (HMRC) хакерлер 47 миллион фунт стерлингті (шамамен 64 миллион АҚШ доллары) заңсыз иемденген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл туралы Reuters агенттігі мәлімдеді.

Қаскөйлер 100 мыңнан астам азаматтың жеке аккаунттарына қол жеткізіп, олардың атынан әлеуметтік жәрдемақы алуға өтініштер жіберген.

Оқи отырыңыздар:

  • Қазақстанда ерлердің жалақысы әйелдердікінен жылдамырақ өсіп жатыр
  • ҚМДБ құрбан шалуға ақша жинайтын жалған сервистерден сақ болуға шақырды

Басқарма бас директоры Джон-Пол Маркс мәлімдегендей, бұл — HMRC жүйелерінен жеке мәліметтерді ұрлау мақсатында ұйымдастырылған фишингтік шабуыл.