0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Мемлекет басшысы қыз-келіншектерді көктем мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Ақордада өткен салтанатты жиында «Әйел – шаңырақтың шырағы, ұлттың ұйытқысы. Ана – тіршілік пен берекенің бастауы, адамзат бойындағы бар ізгіліктің қайнар көзі», — деді Президент. Ал мемлекет әйелдерді қорғап, жан-жақты қолдауға баса мән беретінін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Салт-дәстүріміз бен ана тіліміздің бүгінгі күнге жетуі де – ең алдымен, аналардың арқасы. Өмірдің мәні де, тіршіліктің сәні де – сіздер! Сондықтан бүгінгі мейрамда барша ер-азаматтар өздеріңізге ақ тілегін арнап, ықылас-ілтипатын білдіріп жатыр. Солардың ішінде мен де Мемлекет басшысы ретінде әйелдерге тілегімді, лебізімді айтып тұрмын.
Сондай-ақ еліміздің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосқан, сан салада мол жетістікке жеткен арулардың ерен еңбегіне тоқталды. Бір топ қыз-келіншекті жоғары мемлекеттік наградамен марапаттады. Бүгін алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы», «Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері» құрметті атағы табысталды.
Айя Мүтәлі