Данилина Ролан Гарроста сербиялық Александра Круничпен 148 мың еуро табыс тауып үлгерді.
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Анна Данилина Ролан Гаррос турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Қазақстандық теннисші ширек финалда Александра Круничпен бірге "Үлкен дулыға" жарысының 1-ракеткалары, чехиялық Катержина Синякова – америкалық Тэйлор Таунсендке қарсы кортқа шықты.
Бірінші партияда қазақстандық-сербиялық дуэт 7:5 есебімен басымдылық танытты. Екінші сетте Синякова – Таунсенд есе қайырды – 6:4. Үшінші, шешуші партияда Данилина – Крунич 4:0 есебімен алға кетті. Ақыры қазақстандық теннисші матчқа доп бергенде, нүкте қойды – 6:2.
Осылайша, сенсациялық жеңіске қол жеткізген Анна Данилина – Александра Крунич жұбы финалға шығу үшін норвегиялық Эйкери/жапониялық Эри Ходзумимен ойнайды.