Диетолог Керри Бисон өсімдік майларының денсаулыққа әсері туралы айтып, олардың зияндылығы жөніндегі кең тараған пікірді жоққа шығарды , деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы HuffPost басылымы жазды.
Маманның айтуынша, көпшілік күнбағыс, рапс және тіпті зәйтүн майлары холестерин деңгейін арттырады деп ойлайды, алайда бұл шындыққа толықтай сәйкес келе бермейді. Керісінше, ол қуырып дайындалған тағамдардың зиянды болуының басты себебі — олардың құрамындағы тұздың, майдың көптігі мен талшықтардың аздығында екенін атап өтті.
Керри Бисонның айтуынша, өсімдік майлары – керісінше, пайдалы өнім. Олар құрамында антиоксиданттар мен омега-6 май қышқылдары бар. Бұл қышқылдар адам ағзасына аса қажет, алайда ағза оларды өздігінен өндіре алмайды, сондықтан оларды тағам арқылы алу міндетті.
Оқи отырыңыздар:
- Мармелад жеген екі бала комаға түсті
- Ыстық күнде қандай тағамдарды жеуге болмайды?
Сонымен қатар диетолог ескерткендей, омега-6 артық мөлшерде тұтынылса, холестерин деңгейі көтерілуі мүмкін. Сол себепті өсімдік және жануар тектес майлардың үлесі күнделікті рационның 35%-ынан аспауы тиіс.
Оның айтуынша, омега-3 май қышқылдарының мөлшерін арттыру арқылы омега-6-ның ықтимал зиянын азайтуға болады. Омега-3 майлы балықта, зығыр мен чиа тұқымдарында, сондай-ақ грек жаңғағында көп кездеседі.
Қорытындысында, диетолог өсімдік майларын рационнан мүлде алып тастау қажет емес екенін айтты. Тек тағам рационын әртараптандырып, зәйтүн және рапс майын жиі қолданған жөн, себебі оларда қаныққан майлар жоқ.