Қарағандыда үш мыңнан аса адам бір мезетте әнұран шырқады

Жаңалықтар

Қарағандыда бір мезетте 3 мың адам әнұранды шырқады. Салтанатты шараға кадеттер, студенттер, еріктілер, еңбек ардагерлері, қоғам белсенділері мен өнер ұжымдары қатысты. Мерекелік шарада әлеуметтік және экологиялық акцияларға белсенді қатысқан еріктілер, облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ колледждерде жұмысшы мамандықтары бойынша үздік оқып және ерекше жобаларымен көзге түскен студенттерге ақшалай сыйлықтар табысталды.

Жандос Бақытұлы