Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті осы заң жобасына қорытынды әзірлейді.
Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына байланысты сотталғандарға рақымшылық жасалады.
Мәжіліс депуттары Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заң жобасы жұмысқа алды.
Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Снежанна Имашеваның айтуынша, заң жобасы Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына байланысты гуманизм қағидаты негізінде қылмыстық саясатты ізгілендіру мақсатында депутаттардың бастамасымен әзірленген.
"Заң жобасында азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар жасағаны үшін сотталғандарды, соның ішінде азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын, кәмелетке толмағандарды, кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерді, сонымен қатар жүкті әйелдерді, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерді, сонымен бірге оларға теңестірілген адамдарды, зейнеткерлерді, мүгедектерді және басқаларды босату ұсынылады", – деді Снежана Имашева мәжілістің жалпы отырысында.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда ақылы қызметтердің құны тоқтаусыз өсіп жатыр
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті осы заң жобасына қорытынды әзірлейді.