"Ең болмаса шайнек қоспаған": Желіде "Күміс алқа" алған блогер келіншек ренішін жеткізді

Жаңалықтар

Танымал әзілкеш, тележүргізуші Ғалым Махамбетовтің әйелі, блогер Әсия Тәңірбергенқызы “Күміс алқа” алғанын көрсетті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Желі жұлдызы орденнің қасына не гүл не тәтті қоспағанын айтып, ренішін жеткізді.

“Орден кітапшасын алдым. Енді шешпей ұйықтаймын. Қандай артықшылығы барын айтыңыздар?! Тегін коньки тебіңдер демесе болды. Өзімді кәрі кемпір сезініп жатырмын. Соғыс ардагерлерінде осындай кітапша болатын. Бала туу соғысқа барып келгенмен бірдей. Оны еркектер түсінбейді. Ең болмаса мына орденнің жанына шайнек қоспаған. Соны күтіп едім. Бір түйір тәттісі жоқ. Шай ішіңіздер деп бір түйір берсе болады ғой”, – деп ренішін жасырмады блогер келіншек.