14 жастағы қыз көз жұмды. Тағы 69 адам жарақат алды.
Түркияның Мугла провинциясында магнитудасы 5,8 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ішкі істер министрі Али Ерликаяның сөзінше, жерасты дүмпулері іргелес провинцияларда да сезілген. Жер сілкінісінің эпицентрі жергілікті уақыт бойынша сағат 02:17-де тіркелді. Ол Мәрмарадан 10,43 шақырым қашықтықта орналасқан.
"Біздің губернатордың үйлестіруімен Төтенше жағдайлар басқармасы және барлық тиісті қызметтер оқиға орнында тексеру жұмыстарын жалғастырып жатыр", – деп жазды Али Ерликая X әлеуметтік желісінде.
Мугла Түркияның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан.