Алматы әуежайы қызметкерін құтқарып қалған азамат мемлекеттік наградаға ұсынылады

Жаңалықтар

Мемлекет басшысы оның ерекше батылдығын атап өтті.

Алматы әуежайында қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адам мемлекеттік наградаға ұсынылады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайы жөнінде хабардар. Президент қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды", – деп жазды ол.

Еске сала кетейік, бүгін Алматы халықаралық әуежайында 11:45–те жайсыз оқиға болды. Ішкі рейстер терминалында ер адам жолаушы ретінде ұшу алдындағы тексеру аймағына барған. Авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері ер адамнан құжаттарды көрсетуді сұраған, ал ол әуежай қызметкерін шашынан ұстап, пышақпен қорқытқан болатын.


Оқи отырыңыз: Мужчина напал на сотрудницу аэропорта Алматы: полиция завела уголовное дело